Меню KDT

kz ru en виртуалды қабылдау Диктор экрана

logotype
Маңғыстау облысы

Күншуақ балабақшасы

deco

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 «Күншуақ» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ресми сайтына хош келдіңіздер! Біздің веб-сайт беттерінде біз сізге «Күншуақ» бөбекжайы туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі айтып беруге тырысамыз.
Сізге бөбекжай жұмысы туралы толық ақпарат беріледі.
Сонымен қатар, сіз біздің бөбекжай педагогтерімен сырттай таныса аласыз. Біз өз жұмысымызда әрқашан «Өзіңді үйіңдегідей сезін!» деген сөз тіркесін орындауға тырысамыз. Сондықтан да біздің бөбекжайдың жылы, жайлы атмосферасы әрбір балаға ұнайды.
Бөбекжай жобалық қуаты - 240 орындық. Қазіргі таңда бөбекжайда - 238 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс жасайды. Бөбекжайда тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен білім алулары үшін барлық жағдай жасалған. Атап өтетін болсақ әдіскерлерге арналған кабинет – 1; қазақ тілі кабинеті –1; психолог кабинеті – 1; музыкалық зал – 1; бейнелеу өнері кабинеті – 1; дене шынықтыру залы–1; логопед кабинеті -1; медициналық кабинет -1; оқшаулау бөлмесі -1, 10 топ бөлмелері (қабылдау, ойын, жатын бөлмелері) және 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған консультациялық пункт бар.
Бөбекжайда өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар бөбекжай сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.
Бөбекжай ұжымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын басты назарға ала отырып, жұмыс жасайды.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100067988192934&locale=ru_RU 
https://www.instagram.com/17_kunshuak_aktau?igsh=MXdqYm96aTlxNWNlbA==

 

Соңғы жаңалықтар

 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын интеграциялау» тақырыбында облыстық вебинар өтетіндігін хабарлаймыз.

Толығырақ...